Шавкат Рахмонов UFC P4P рейтингінде үздіктер қатарынан шығып қалды
Фото:PxImages
UFC ұйымы жаңартылған pound-for-pound (P4P рейтингтер тізімін жариялады. Аталмыш тізімде қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновтың есімі үздіктер қатарында жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Шавкат алғаш UFC-дің 15 үздік жауынгерлер тізіміне өткен жылдың 19 тамызында енген еді. Ол кезде бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы Чарльз Оливейраны рейтингтен ығыстырған.
Алайда жаңа жаңартылған тізімде Оливейра қайта оралып, Шавкатты бұл қатардан шығарды. Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсан айында ирландиялық Иэн Гэрриге кездесу өткізіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жеткен.
Бұған дейін Шавкат Рахмонов 2026 жылы октагонға оралатынын, қазіргі таңда үздіксіз жаттығулар жасап, дайындалып жатқанын айтқан. Шавкат Рахмоновтың кәсіби рекорды - 18 жеңіс және бірде-бір жеңіліс жоқ. Оның ендігі айқасы үздіктер қатарына қайта енуге мүмкіндік беретін маңызды бәсеке болмақ.
Талқылау
"Негізгі айғақ – бір-бірімен хат алмасуы": Атыраудағы Яна Легкодимованың өлімі туралы шындықты ашқан тергеуші істің хронологиясын айтып берді
Жас тергеушіден жұмысы туралы сұрадық
Қазақстанда қант диабетінің әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарынан алынуы дау туғызды: Енді мемлекеттік көмекті кімдер алады
Желі қолданушысы: "МӘМС-ке төлесем де дәрілерді сатып аламын"

