Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шавкат Рахмонов өзіне қымбат сыйлық жасады

Шавкат Рахмонов өзіне қымбат көлік сыйладыФото: Шавкат Рахмоновтың желідегі парақшасынан

Қазақстандық UFC жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов өзіне тағы бір автокөлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Спортшы өзінің жеке Instagram парақшасында жаңа көлігімен түскен суретін жариялады. 

"Өзіңе өзің осылай сыйлық жасап тұрмасаң, ешкім сені ойламайды…" – деп әзілдеп жазды спортшы.    

Фотода Шавкат Mercedes-Benz G-Class маркалы көліктің жанында тұр.

Жанкүйерлер сүйікті спортшысының таңдауы мен жетістігіне қуанып, оны жылы лебіздермен құттықтап, пікір қалдырған.


UFC жауынгері Бекзат Әлмаханға Triumph Fights жекпе-жек клубының бас демеушісі үй сыйлады


Дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға автокөлік сыйға берілді


Еске салайық, бұған дейін Алматы базарында магнит сатып, шетелдікке қазақша үйреткен оқушыға екі университет 4 жылдық грант сыйлағанын жазған едік. Бағдарлама жүргізушілері университетте грантпен оқуы үшін Нұржолдың мектепті жақсы бағаға аяқтау керек екенін атап өтті. Сертификаттарды табыстау барысында сахнаға Нұржолдың әкесі шығып, баршаға алғысын білдірді.

 

Айым Атамбаева
Сенбі, 12 Шілде, 2025 10:01
Талқылау