Шавкат Рахмонов октагонға шықпаса да, UFC рейтингіндегі орнын сақтап қалды

Фото: Ашық дереккөздерден
UFC ұйымы аралас жекпе-жек жауынгерлерінің жаңартылған рейтингін жариялады. Айтулы тізімде қазақстандық ММА жұлдызы Шавкат Рахмонов ұзақ уақыт октагонға шықпағанына қарамастан, өз орнын сақтап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол рейтингте 15-орында тұр.
Сонымен қатар рейтингте айтарлықтай елеулі өзгерістер бар. Жуырда Магомед Анкалаевты жеңген бразилиялық Алекс Перейра бірден төрт сатыға көтеріліп, алтыншы орынға жайғасты. Нәтижесінде Анкалаев үздік ондықтан шығып қалды.
"Күнде жұмыс істеп жатырмын": Шавкат Рахмонов мәлімдеме жасады
Қазір UFC рейтингінің көшін испан-грузин файтері Илия Топурия бастап тұр. Екінші мен үшінші орында Ислам Махачев пен Мераб Двалишвили орналасқан.
UFC сарапшыларының айтуынша, Шавкат Рахмоновтың рейтингтегі тұрақтылығы оның әлемдік деңгейдегі беделі мен шеберлігінің айқын дәлелі дейді.
Еске салсақ, осыған дейін Шавкат Рахмонов октагонға 2026 жылы оралатынын жазғанбыз.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін

