Шавкат Рахмонов октагонға 2026 жылы оралады
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94
Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов (19-0) келесі жекпе-жегін 2026 жылы өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл ақпаратты оның командаласы Фаниль Рафиков хабарлады.
Рафиковтың сөзінше, Рахмонов жаңа жыл басына жекпе-жек сұраған.
"Қарашада Пратес пен Эдвардстың айқасы жоспарланған. Ал Брэди қарсылас іздеп жүр. Чемпиондық жағдай да өзгеруі мүмкін. Сондықтан бұл салмақ қазір ең қызықты дивизиондардың бірі. Шавкаттың келесі қарсыласы ретінде Белал Мухаммад қарастырылып жатыр", — деді ол.
Еске салсақ, Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында Лас-Вегаста октагонға шығып, Иэн Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді. Бастапқыда ол кезде қарсылас ретінде Белал Мухаммад қарастырылған, алайда америкалық жарақат салдарынан айқастан шегінді.
Кейін жекпе-жек 2025 жылдың мамырына ауыстырылды, бірақ бұл жолы қазақстандықтың өзі өнер көрсете алмады. Соның нәтижесінде Мухаммадқа қарсы Джек Делла Маддалена шығып, жеңіске жетіп, чемпиондық белбеуді иеленді.

Алматыда қала күнін тойлауға миллиондаған қаражат жұмсалған: Тұрғындар қаладағы шешілмеген мәселелерге шағымданды
