Шавкат Рахмонов қазақ тіліндегі ең ұзын сөзбен танымал журналисті таңғалдырды
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов бразилиялық модель және UFC тұжырымының журналисі Нина-Мари Даниэльді қазақ тіліндегі ең ұзын сөзбен таң қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Жеңілістің дәмін татпаған Шавкат Рахмонов UFC-дің танымал журналисіне сұқбат беріп, қазақ тіліндегі ең ұзын сөзді айтқызумен таңғалдырды.”Драма” деген атпен танымал Нина-Мари әлеуметтік желіде Қазақстанға деген сүйіспеншілігін білдірумен аяқталатын үзінді жариялады. Видеода Шавкат қазақ тіліндегі ең ұзын сөзді айтып, танымал журналист оны бірнеше рет қайталауға тырысады. Нина отандасымыздан “қанағаттандырылмағандықтарыңыздан” сөзін баяу айтуын өтінгенімен, қайталап айта алмай, "Қазақстан, мен сені жақсы көремін", - дейді.
Айта кетейік, Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі 8 желтоқсанға қараған түні Лас-Вегаста өтетін UFC 310 турнирінде өткізеді. Ол жеңіліп көрмеген ирландиялық Иэн Гарриге қарсы жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхаммадқа қарсы жекпе-жекке үміткерді анықтайды.