"Шатасып қалдық": Қазақстандықтар айналымдағы 1 000 теңгелік банкноттардың көптігіне шағымданды
Фото: shutterstock.com
Кейбір қазақстандықтар қазір ресми түрде айналымда жүрген 1 000 теңгелік банкноттардың санынан шатасып қалғанын айтып шағымдануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық банк мәліметінше, қазір ресми түрде айналымда 1 000 теңгелік 6 түрлі банкнот бар. Олар:
- Жеңістің 80 жылдығына арналған 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнота. 2025 жылдың 9 мамырында айналымға енгізілді.
Фото: nationalbank.kz
- 2024 жылғы үлгідегі 1 000 теңгелік банкнота. Айналымға 2025 жылдың 28 наурызында енгізілген.
Бұл "Сақ стилі" сериясындағы төртінші банкнота екені хабарланған еді. Банкнотаның артқы бетінде Төбет және Тазы тұқымды иттер бейнеленген.
Фото: nationalbank.kz
- 2014 жылғы үлгідегі 1 000 теңгелік банкнота. Айналымға 2014 жылдың 1 желтоқсанында енгізілді.
Фото: nationalbank.kz
Ұлттық банк теңгенің айналымға шығатын жаңа үлгідегі банкноттарын көрсетті
- "Күлтегін" түркі жазба ескерткішіне арналған 1 000 теңгелік банкнота. Айналымға 2013 жылдың 12 желтоқсанында енгізілді.
Фото: nationalbank.kz
- Қазақстанның "Ислам конференциясы" ұйымындағы төрағалық етуіне арналған 1 000 теңгелік банкнота. Айналымға 2011 жылдың 25 мамырында енгізілді.
Фото: nationalbank.kz
- Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-дағы төрағалығына арналған 1 000 теңгелік банкнота. Айналымға 2010 жылдың 5 қаңтарында енгізілген.
Фото: nationalbank.kz
Еске салсақ, бұған дейін желіде 1000 теңгелік банкноттың дизайны қызу талқыға түскені туралы жазған едік.

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
