Шашты жылдам өсірудің үнділік 7 әдісі
Танысып қойыңыздар, бұл – Сушмита. Ол – шаш күту шебері және танымалдық жинап келе жатқан Үндістандық видеоблогшы.
Біз оның шашына қызыға да тамсана қараймыз. Сондықтан шат күтімі бойынша ұсынған кеңестерін қолданып көруді ұйғардық.
-
Алоэ шырынын қолданыңыз
Көбіміздің үйімізде Алоэ Вера тек сән үшін ғана терезе алдында тұрады. Яғни пайдаға асыру жөнін біле бермейміз. Оның шырыны шаш өсуін жылдамдатып, бас терісіне күтім жасайды.
- Алоэнің бірнеше жапырағын кесіп алыңыз.
- Шырыны бөліну үшін, әрқайсысын екіге бөліңіз.
- Шырынын шашыңыздың түбіне уқалап жағыңыз. Бас терісін уқалау қан айналымын жақсартады. Нәтижесінде алоэ шырыны теріге жақсы сіңеді.
- Масканы кем дегенде 2 сағат ұстаңыз. Қаласаңыз, түні бойына қалдыруыңызға болады.
-
Пантеноломен маска жасаңыз
Д-пантенол — синтетикалық В5 дәрумені. Ол терімен жанасқанда пантотен қышқылына айналады. Д-пантенол терінің сыртқы қабатының күйін жақсартады. Оның қасиеттерінің ішінде шаш түйіндерін қалпына келтіру, шаш түсуін емдеу бар.
- Шашыңызды кәдімгідей жуыңыз.
- Таза шашқа пантенол (көбік немесе гель) жағыңыз. Әсіресе шаш түбіне мән беріңіз.
- Сонымен қатар пантенолды шашыңызға түгелдей жағуыңызға болады. Нәтижесінде ұйысқан шаштар жайылып, статикалық электрді басады.
-
Шашыңызды жуғаннан кейін бас терісін суық сумен шайыңыз
Мұны әдетке айналдыруға тырысыңыз. Суық су саыңлауларды жауып, қан айналымын жақсартады. Ол, өз кезегінде, шаш өсін жылдамдатады. Оған қоса шашыңыз жылтырай түседі.
- Шашыңызды кәдімгідей жуыңыз.
- Кондиционер немесе маска қолданғаннан кейін шашыңызды суық сумен шайыңыз.
-
Шашыңызды алма сірке суымен шайыңыз
Бұл әрекетті айына бір-екі рет жасасаңыз жеткілікті. Сірке су шаш түйіншелеріне оң әсерін тигізеді. Салдарында шашыңыз қалыңдай түседі.
- Шашыңызды жуыңыз.
- Кондиционер орнына алма сірке суын қолданыңыз.
- Жуып тастамаңыз: алма сірке суының иісі айтарлықтай өткір емес.
-
Ақуыз маскасын жасаңыз
Бұл әдіс протеин жетіспеушілігін толтырады.
- Бөлме температурасындағы екі жұмыртқаны алыңыз.
- Жұмыртқаның ақуызы мен сарысын бөліп алыңыз.
- Қосымша нәтиже алу үшін, басыңызды полиэтиленмен орап, сыртынан бас киім киюіңізге болады.
-
Жұмыртқа мен коньяк маскасын жасаңыз
Жұмыртқаның құрамында протеин бар. Ал коньяк – шашыңызды қалыңдатып, өсуін жылдамдататын илік зат.
- Екі жұмыртқа мен бір рюмка коньяк алыңыз.
- Екеуін араластырып, қоспаны бұлғауышпен шайқаңыз. Масканы шаш түбіне жағыңыз.
- Егер масканы шашыңызға түгелдей жаққыңыз келсе, зәйтүн майын қосыңыз. Олшашыңызды жұмсартады. Сушмита шашын ретке келтіріп, сәндегенде осы әдісті қолданады.
-
Эфир майын қолданыңыз
Жожоба, бадам, гүлшетен, лаванда және жебіршөп майлары шаш түйіншесіне оң әсерін тигізеді. Себебі құрамдарында көптеген дәрумен мен өсімдік компоненттері бар.
- Эфир майларын араластырыңыз. Немесе кокос майы маскасына қосуыңызға болады.
- Масканы щаш түбіне жағыңыз. 2-3 сағат күтіңіз.
- Май маскасын жақсылап жуу үшін, сабынсумен екі қайтара жуыңыз. Немесе терең тазартатын сусабын қолданыңыз.