Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шашын алып, сақал қойған": Образын өзгерткен Еркін Мәуленді көрермен танымай қалды

Танымал әнші Еркін Мәулен сахнаға қайта оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Өнер иесінің сахнаға шыққанын продюсер Алтынбек Рахметов жеке парақшасында айтты. 

“Еркін Мәуленді таныдыңыздар ма?! Қандай әндері әлі есіңізде?”, – деп жазды медиа менеджер. 



Желі қолданушылары шашын алып тастап, сақал қойған өнер иесінің образын танымай қалды.

Тіпті продюсер Баян Мақсатқызы “Николай Василенко деп ойладым” деп жазды. 

“Маржан Арапбаевамен дуэт орындайтын”, “Керемет әнші еді, дінге бет бұрған ба?!”, “Шашын бетіне жабыстырып алған ба?!”, “Гүл сезім” деген әні керемет еді”, “Жоқ болып кеткен еді, жарқ етіп шықты ғой”, “Баян Мақсатқызы танымай қалғасын, бізден несін сұрайды”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, Singer жобасына арабша киініп келген Еркін Мәуленді қазақ әншілері танымай қалған еді. 

 

Талқылау