Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шаршағанын айтып, демалуға кеткен": Ақмола облысында жетінші баласына жүкті болған 34 жастағы келіншек қайтыс болды

Ақмола облысының Бестөбе ауылында жетінші баласына жүкті болған 34 жастағы келіншек жедел жәрдем келгенше қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik

Қайғылы оқиға 18 қазан күні кешке болған. Әйел үйде отбасымен бірге болған. Кешкі уақытта өзін нашар сезініп, шаршағанын айтып, демалуға бел буған. Дегенмен туыстары оны өлі күйінде тапқан. Келіншек жүктіліктің 34 аптасында жүрген. 



Жедел жәрдем дәрігерлері ақмолалық әйелдің олар келгенше қайтыс болғанын растады. Өлімнің алдын ала себебі – жедел жүрек жетіспеушілігі. Зорлық-зомбылықтың ізі табылмады.

Полицейлер Бестөбе тұрғынының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын, сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қылмыстық кодекстің бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының прокуратурасы жүктілік туралы жалған анықтаманы қолдан жасау фактісін анықтаған еді. 

Талқылау