Шарм-эль-Шейх әуежайындағы қайғылы жағдай: Зардап шеккендердің жағдайы туралы не белгілі

Фото: Шарм-эль-Шейх әуежайы/Depositphotos.com
Шарм-эль-Шейх әуежайында болған қайғылы жағдайға қатысты SCAT әуе компаниясы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Компания дерегіне сәйкес, жарнама тақтасы құлағанда төрт адам зардап шеккен.
"Екі жолаушы ауруханаға жатқызылды, тағы екеуіне медициналық көмек көрсетілді. Қазір олар отельде. SCAT әуе компаниясы зардап шеккендерге тілектестік білдері отырып, Шарм-эль-Шейх әкежайы және туроператорлармен байланыста", – делінген хабарламада.
Еске салайық, Египеттің Шарм-эль-Шейх қаласының әуежайында үш қазақстандықтың үстіне жарнама тақтасы құлап кеткен еді. Оқиға Астана бағытындағы рейске отырғызу кезінде болған. Салдарынан қазақстандық әйел көз жұмды.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар