"Шарлатанның ар жақ бер жағы": "Үкілі бала" атанған Ерболсын Серікбаев емшілердің құпиясын жайып салды
Фото: https://www.instagram.com/yerbolsyn_serikbayev/
11 жылдан кейін ел алдына шыққан Ерболсын Серікбаев емшілерге қатысты құпияны жайып салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүгінде емші бала медицина саласын меңгеріп жатқанын айтты.
"Шыны керек, оларға жаным ашиды. Бір кездері өзім де адам қабылдадым. Келген адамдарды қабылдайсың. Науқас адамның қандай жағдайда келіп отырғаны қызық емес, олардың беретін мүмкіндіктеріне көзің түседі. Ол – қазір көп емшілердің басты көзірі. Сен науқастың жазылып кетуі емес, науқастан "қанша ақша ала аламын?" деген ниетпен жасайсың. Өкініштісі, ол санасыз деңгейде өтеді. Яғни, сен өзіңді сол кезде дұрыс істеп жатырмын" деп ойлайсың", – дейді ол Аман Тасығанға берген сұхбатында.
Сондай-ақ емші бала кейбір науқас адамдардың еміне шипа таппайтынын жасырмады.
"Негізі емшілердің 90 пайызы – қасиетке ие емес адамдар. Шарлатанның ар жақ бер жағы. Бұл сөзімді тек салыстырмалы түрде айтып жатырмын. Өйткені кезінде өзім жұртты қалай емдегенімді білемін. Мәселен, онкологияға шалдыққан науқасқа міндетті түрде ота, химиятерапия керек екенін, одан кейін ол үй жағдайында емделуі қажет екенін білетінмін. Көптің бірі болып емделіп шығып жатады. Бірақ оның түбі нәтижесі жоқ. Ал осының арқасында сенің қалтаң қалыңдап жатыр", – дейді Ербосын.
Еске салайық, “Үкілі бала” атанған Ерболсын жаңа үйленген әйелімен ажырасып кеткенін айтқан еді.

Қазақстандық исламтанушы мигранттардың діни ахуалға әсерін айтып берді
