Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германиялық "Шарите" клиникасының дәрігерлері депутат Бапидің "новичокпен" уланғанын растамады

Германиядағы Шарите клиникасының дәрігерлері депутат Ермұрат Бапидің новичокпен уланғанын растамады. Ақпаратты мәжілісменнің өзі Instagram желісіндегі тікелей эфирде мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: mazhilis_kz

Ермұрат Бапи тексеріліп, денесінен улы заттың іздері табылмағанын хабарлады. 



"Денсаулығым жақсы, Германияда диагноз қойылды. Енді емделуге баруымыз керек", – деді депутат.

Тікелей эфир барысында кәсіпкер Болат Әбілов депутаттан сараптама нәтижесі бойынша денеде "новичок" улы затының іздері табылды ма деген сұрақ қойды. Бапи: "Бәлкім, жоқ, өйткені мен сізбен сөйлесіп отырмын ғой", – деп жауап берді.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи өзінің "улануына" қатысты ақпарат туралы мәлімдеме жасаған еді. 

Депутат Ермұрат Бапи өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, белгісіз ауруға шалдыққанын хабарлаған. 

Ол улану мен уландыруға қатысты күдік бар екенін айтқан. 

Талқылау