AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шарасыздықтан ішің қан жылайды": Алматылық адвокат тергеу изоляторында таяқ жеген жастар жайлы айтты

Адвокат Шынқуат Байжанов Алматыдағы тергеу изоляторында азапқа ұшырап, соққыға жығылған азаматтарды көргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

жоғалғандар

"Бүгін СИ-18-ге Қаңтардағы Қанды Қырғынға байланысты жазықсыз жалаға ұшыраған екі балаға кіріп шықтым. Коридорда аяғы ақсақтаған, балдақпен жүрген, іштен, иықтан, бастан жараланып, таңылған жастар өз адвокаттарымен кездесу үшін күтіп тұрды.Тіпті біреуін носилкамен алып келді. Ішің қан жылайды, жәудіреген көздеріне қарап шарасыздықтан ерніңді тістейсің, ал сырттай "айналайындар шыдаңдар, еңселерің түспесін, бәрі жақсы болады"деп қанаттандырған боласың", – деп жазған заңгер.

Байжанов сонымен қатар өзінің қорғауындағы азаматтардың да соққыға жығылғандарын айтып, шағымданғандарын жеткізді.



"Ал менің қорғауымдағы екі бала да "аға өлтіріп тұрып бірнеше күн ұрды, қан сигізді, істемегенді істедім дегізіп хаттама жасады, қол қойғызды, митингіге шыққаннан басқа жазығымыз жоқ", –  деп зар илеп отыр. "Дәлелдемесіз соттай алмайды, заңсыз толтырылған хаттама үкімге негіз болмайды" деп үміттендіріп кеттім. Әрине, барлық күш-жігерімді оларды ақтауға жұмсаймын, бірақ, әттең...", - деп түйіндеген ол.

Алматы қалалық полиция департаменті әлі бұл оқиғаға түсінік берген жоқ.

Айта кетейік, Халықаралық ұйымдар Қазақстан билігінің халыққа күш қолдануын айыптап, Еуропарламент қаңтар оқиғасы бойынша қарар қабылдаған болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр