Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шапан әкелмедім": Мақпал Жүнісова әріптесі Майра Ілиясованың 70 жасына қандай сыйлық бергенін айтты

Фото: Stan.kz

Танымал әнші Мақпал Жүнісова әріптесі Майра Ілиясованың туған күніне ерекше сыйлық дайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі Майра Ілиясова 70 жасқа толып, шығармашылық кешін өткізді. 

“Шақырған қонақтарыңыздың бәрі келді. Ең бастысы, халық концертіңізді көріп, жасарып қалды. Туған күніңізге шапан әкелгім келді. Бірақ ондай шапанның сізде неше түрі бар. Сондықтан ұнатқан затыңызды аларсыз деген ниетпен шотыңызға 1 миллион теңге аудардым” – деді Мақпал Жүнісова. 


  • "Мақпал апам ұрысты": Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады

  • "Маған "албасты" деді": Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясоваға ренішін білдірді


Айта кетейік, қос өнерпаздың сахнадағы әзілі жұртты күлдірген еді. 

“70 жасты жасырғанымен не пайда?! Бетіңізде жазылып тұр. Алдыңыздан қараса – пионер, артынан қарағанда – пенсионер” болып тұрсыз. Негізі Майра апамыз дұрыс айтады. Әлі де жас көрінеді екенбіз”, – деді халық әртісі. 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 26 Мамыр, 2025 12:00
Талқылау