Шаңды дауыл мен найзағай соғады: "Қазгидромет" ауаалдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Фото: Ru.freepik.com
Синоптиктердің дерегінше алдағы үш күнде еліміздің көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мамандардың болжамына сәйкес, республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда найзағайлы жаңбыр жауады. Мұндай құбылыс атмосфералық фронттардың әсерінен болады.
"Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін. Шығыста қатты жаңбыр мен дауыл күтіледі. Елдің қалған аумағында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысында, Алматы облысының батысы мен солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында қатты ыстық болады. Ауа температурасы +35...+39 градусқа дейін жетеді. 14 шілдеде Түркістан облысында қатты ыстық болады — +40 градусқа дейін. Маңғыстау облысында ауа температурасы +41 градусқа дейін көтеріледі", – деп хабарлады "Қазгидромет".
Республика бойынша жел күшейіп, Қызылорда облысында шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
