"Шам үрлеуге болмайды": Имам мұсылмандарға туған күнді қалай атап өтуге рұқсат етілгенін айтып берді
Фото: depositphotos.com
Имам және әлеуметтанушы Тимур Алиев мұсылмандарға туған күнін шариғат нормалары сақталған жағдайда атап өтуге болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тимур Алиев Ислам діні туған күнді атап өтуге тыйым салмайтынын айтты. Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеген.
Имамның айтуынша, Мысырдың пәтуа үйі – Dar al-Ifta al-Misriyyah ғалымдары туған күнді атап өтуді рұқсат етілген деп санайды. Олар бұл пікірді “Мәриям” сүресіндегі аяттар мен Пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.с.) өзінің туған күні туралы айтқан хадистеріне сүйеніп дәлелдейді. Ұқсас көзқарас Иорданияның пәтуа үйінде де кездеседі.
ҚМДБ еліміздегі мұсылмандарды түсіністікпен қарап, никабқа тыйым салуды қолдауға шақырды
“Осы пәтуаларға сүйенсек, туған күніңізде достарыңызбен халал дастархан басында, үйде немесе дәмханада бас қосуға болады. Сыйлық алып, құттықтаулар қабылдауда ешқандай айып жоқ”, – деді Тимур Алиев.
Алайда ол кейбір батыстық дәстүр элементтерінің шариғатқа сай келмейтінін атап өтті.
“Батыс мәдениетінде кең тараған шам үрлеп, тілек тілеуге рұқсат етілмейді. Бұл шариғатқа сәйкес емес”, — деді ол.
Имамның айтуынша, Исламда құлшылық (‘ибадат) пен әдет-ғұрып (‘адат) ұғымдары ажыратылады. Егер әдет-ғұрып шариғатқа қайшы келмесе, оны орындау күнә болып саналмайды.
Еске салсақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылмандарға Counter-Strike 2, Dota 2, GTA, League Of Legends, Minecraft және genshin Impact сияқты ойындарды ойнауға тыйым салған еді.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
