Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шәкіртақысын өзі алмаған": Шымкенттегі Жоғары медицина колледжінің студенті 4 жыл бойы грантта оқығанын білмеген

шәкіртақы алмаған студент шағымдандыФото: Stan.kz/AI Copilot арқылы жасалды

Желіде Шымкентте орналасқан Оңтүстік Қазақстан Жоғары медицина колледжінің студенті өзінің 4 жыл бойы грантта оқығанын білмеген. Тіпті басқа мамандық бойынша оқып, мүлде шәкіртақы алмапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақпаратты заңгер Айгүл Орынбек Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Оның сөзінше, студент өзінің грантта оқығанын заңгерден естіген. 

"Оқу орнын биыл тәмамдайтын түлектің аты-жөні – Шаукатова Надира Тимуровна. Ол өзінің грант негізінде оқып жатқанын алғаш рет менен естіп, таңғалды. Тіпті ресми тіркеуде мүлдем басқа мамандық бойынша оқып жүрген. Бұдан да сорақысы Надира төрт жыл бойы ешқандай шәкіртақы алмаған. Ол оқу басталған кезде ай сайын 21 мың теңге, соңғы курстарда ай сайын 40 мың теңге шәкіртақы алуы керек еді. Осы жылдар бойы бұл қаржы колледж басшысы Эльмира Дүйсенқызының қалтасына түсіп отырған", – деп жазды заңгер. 

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Шымкент қаласы білім басқармасынан мән-жайды сұрап білді. Олардың мәліметінше, колледжге тексеріс жүргізу үшін тиісті органдарға хат жолданды. 

"Студенттерді қаржыландыру Шымкент қалалық білім басқармасы тарапынан жүргізілмеген. Медициналық мамандықтар бойынша кадрларды даярлаудың бюджеттік бағдарламасына облыстық денсаулық сақтау басқармасы жауапты. Бұл ақпарат бойынша тексеріс жүргізу үшін қалалық денсаулық сақтау басқармасына және құзырлы органдарға тиісті хат жолданды. Бірнеше жыл бойы Н. Шаукатованың шәкіртақысын кім алып отырғаны сол тексерулерден кейін белгілі болады. Ал колледжде оқитын студенттер оқу бағдарламаларын толық меңгерген жағдайда ғана білім алған мамандық бойынша диплом алады", - делінген хабарламада.


"Менің сұранысымнан кейін қор жабылды": Заңгер Айгүл Орынбек Айнұр Тұрсынбаеваны сынады


“Әр тиынның есебін сұрау қажет”: Айгүл Орынбек Қазақстандағы барлық қорларды жабу керегін айтты


Айта кетейік, бұған дейін Шымкенттік кәсіпкер Эльмира Дүйсенқызы құқықтарын қорғауға уәде берген қоғам белсендісі Айгүл Орынбектің 10 миллион теңге алғанын айтып шағымданған еді. Кәсіпкердің сөзінше, заңгердің адвокаттық лицензиясының жоқтығы анықталып, уәде еткен қорғау қызметін орындай алмаған. Бұл жағдайдан кейін Эльмира заңгерді екіжүзділік жасады деп айыптап, полицияға арыз жазған. Алайда Айгүл Орынбек өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, Эльмира Дүйсенқызымен арада заңды келісімшарт жасалғанын айтты. 

Жұмаділлә Нұрила
Бейсенбі, 24 Шілде, 2025 16:57
Талқылау