Шахизада бір күнде үш бейнебаянның тұсауын кесіп, әріптестерін шаң қаптырмақ
Шахизада Байпатшанова бір күнде үш бірдей бейнебаянның тұсауын кесіп, шоу-бизнестегі «мен» деген әріптестерін жолда қалдымақшы. Шығармашылыққа білек сыбана кіріскен әнші 21 ғасырда клипсіз табысқа жетудің мүмкін еместігін түсінген сыңайлы.
Бұл туралы Hit-Tv арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Жаңалығым көп. Жаңа әндер, жаңа дуэттер жаздырдым. Жаңа бейнебаяндар түсіріліп жатыр. Жақында ғана Ташкентте үш күнде үш бейнебаян түсіріп қайттық.
Біріншісі, жеке әніме түсірілді. Шығыс стилінде. Содан кейін өздеріңізге белгілі, досым Бауыржан Рахымбековпен бірге «Екеуміз» деген жаңа әнге клип таспаладық», – деп бастады сөзін Шахизада.
Өнер әлемінде жүргеніне 30 жылдан асқан Байпатшанова соңғы кездері жеке әндерден қарағанда, дуэтте жазылған әндерін жиі ұсынып жүр.
«Шығармашылық жұмыстар жүріп кетті. Аяқ асты ұсыныстар түсіп… Бек деген азамат дуэт орындасақ деп ұсыныс білдірді. Сол әннің айтылатын уақыты келмей, ойда жүрген жоспар еді. Сосын өзім әнді ұсындым. Рок стильде жасап, 2 бейнебаянның орнына 3 бейнебаян түсіріп келдік», – деп бөлісті әнші.
Үш бірдей бейнебаянның тұсаукесері алдағы айдың еншісіне қалдырылған.
Жіберіп алмаңыз:
Төреғалидың командасы сахналық образын сынағандарға жауап берді
Төлеповтер отбасы екінші рет келін түсірмек
Қайрат пен Жұлдыздың махаббатына колледж ұстаздарына дейін қызыға қараған (фото)