Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шахандағы жарылыстан тірі қалған бала: Әпкем оятып еденнің жоқ екенін айтты

Шахандағы көпқабатты үйдегі жарылыстан тірі қалған бала Артем, осында тұратын туыстарына қонаққа келіпті. Оның әкесі сол жерде қаза болған Ольга Андропованың ағасы екен. Ал Андропова 8 айлық қызы, күйеуімен бірге қайтыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

265335c7b91e3110ea77fe5c3085cad5_L

Қайтыс болған Андроповтар отбасы тұрған үшінші қабаттағы пәтерден 10 жасар бала мен 7 жасар қыз құтқарылған.

“Біз ұйықтап жатқанбыз. Әпкем оятып жарылыс болғанын айтты. Біз жатқан бөлме бүлінбей тұрған. Есікті ашып қалған кезде, еденнің жоқ екенін көрдік. Айқайлай бастадық. Бізге жүгіріп келген аға, тек киімдерді алып түсу керектігін айтты”, – дейді Артем Галолко.

Олар сосын подъезд арқылы шыққан. Құтқарылғандарды өрт сөндіру көлігіне кіргізіп, жылытқан. Артеммен бір бөлмеде болған 7 жастағы Полина да аман қалған.

Бұған дейін құтқарушылар үйінді астында 10 сағат бойы жатқан 32 жастағы ер адамды да құтқарып алған болатын. Оны кинолог мамандар табуға көмектескен. Қазіргі таңда ер адам Мақажанов атындағы ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты.

“Ол қазір жансақтау бөлімінде. Ішіне кіргізбеді. Бірақ, жағдайы жақсы деп отыр. Жарақаттан бөлек, денесі тоңып қалған”, – дейді туыстары.

Еске сала кетсек, 1 қаңтар күні түнгі сағат 22:40-та Шахан ауылындағы көпқабатты үйдің бір подъезді толықтай опырылып ортасына түскен. Оқыс оқиға кесірінен 9 адам – үш ер адам, үш әйел, үш бала қайтыс болды.

Оқи отырыңыз:

Мәскеу ауруханасында жатқан спортшы Расул Мырзаевтың суреті жарияланды

2016 жылы қазақстандықтарды жылатқан 6 оқиға

Алматыда жаңа жыл түні екі үйдің балконы өртенді

Талқылау