Шахтинск қаласында жаппай төбелес пен атыс орын алды
Қарағанды облысы Шахтинск қаласында төбелес болып, полицияға қару қолдануға тура келді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Новый вестник" басылымына сілтеме жасап.

Тұрғындар жергілікті дәмхана маңында атыс дауысын естігенін мәлімдеген. Полиция мәліметінше, тәртіп сақшыларының бірі ауаға оқ атқан.
"22 наурызда Шахтинск қаласы полиция бөліміне мекеме маңында жанжал туындағаны туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Анықталғандай жанжал белгісіз адамдардың арасында туындаған. Ауыр салдардың алдын алу үшін полиция қызметкері ауаға оқ атты", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта төбеле қатысушылары полиция бөліміне жеткізілген. Тергеу жүріп жатыр.
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?
"Ұйқы дерті" ауадағы оттегі мөлшерінің аздығынан басталған
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды