"Шахтер" футбол клубы логотипін өзгертті
Қарағандылық “Шахтер” футбол командасы клубтың жаңа логотипін таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/shakhterfc
Негізгі эмблема геральдикалық қалқан түрінде жасалған. Ал оның жоғарғы бөлігі стильдендірілген террикондарды бейнелейді. Террикондар Қарағандының символы болып саналады.
Қалқанның ортасында 1958 жылғы үлгідегі тарихи доп бар, оны "Football Club" және "Qaragandy" мәтіні қоршап тұр. Олардың артында тау-кен ісін бейнелейтін және шахтерлердің тарихи еңбек құралы болған айқасқан екі қайла орналасқан. Орталық композицияның артында клубтың түстеріндегі классикалық тік жолақтар бар. Логотиптің ең жоғарғы бөлігінде клубтың атауы бейнеленген.
Талқылау