Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шахмұрат Мұтәліп "Казцинк"-ті сатып алуды жоспарлап жүріп, KazZinc компаниясын құрды

Фото: Шахмұрат Мұтәліп желідегі парақшасынан

Қазақстандық кәсіпкер Шахмұрат Мұтәліп Астанадағы қаржы орталығында бірден екі ірі тау-кен компаниясын тіркеді. Бұған дейін "Казцинк" компаниясының акциясын сатып алғысы келген кәсіпкер екінші кәсіпорын атауын  KazZinc деп тіркеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Екі кәсіпорын да мыс, қорғасын және мырышты өндірумен айналысады. Оның бірі KazZinc Group Ltd деп аталады. Екінші компания – Central Asia Resources Holding Ltd. Қызығы екі компанияның капиталы небәрі 100 доллардан тұрады.

Бұған дейін Мұталіп "Казцинк" компаниясының 70% акциясын сатып алғысы келетінін хабарлаған. "Казцинк" –  Қазақстандағы ірі мырыш пен алтын өндіруші болғандықтан мәміле шамамен 3,5 миллиард доллар тұруы мүмкін.

Сарапшылар жаңа тіркелген компаниялар Мұталіптің "Казцинк"-ті басқаруға арналған корпоративтік құрылымына кіреді деп болжап отыр. 



Сонымен қатар, Financial Times Мұталіпті ERG компаниясының 40% акциясын сатып алуы мүмкін екенін жеткізді. Ол акцияны холдингтің мұрагерлерінен және Патох Шодиевтен сатып алады деп жоспарланған.

STAN.KZ
Бейсенбі, 22 Қаңтар, 2026 17:34