Шахматшы Қазыбек Нөгербек халықаралық турнирде қола жүлде жеңіп алды
Қазақстандық гроссмейстер Қазыбек Нөгербек Festival Internetional des Jeux 2025 шахмат жарысында қола жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/drs_kz
Халықаралық жарыс Францияның Канн қаласында өтті. 20 жастағы Қазыбек Нөгербек 9 турдың қорытындысы бойынша 7 ұпай жинады. Нәтижесінде қола медаль еншіледі.
Бұл жарысқа Қазыбектен бөлек Әлішер Сүлейменовте қатысқан еді. Қазақстандық қос гроссмейстердің жолдары 9-турда жолықты. Бұл партияда Қазыбек жеңіске жетті. Әлішер жарыс қорытындысы бойынша 6 ұпай жинап, 16-орында қалып қойды.
Франциядағы бәсекеде Тағы екі қазақстандық спортшы бақ сынады. Аланна Берікқызы 4 ұпай жинап, 86-орыннан көрінсе, Тимур Душатов 4 ұпаймен 93-орынды қанағат тұтты.
Талқылау