Шабуылдаушылар Кардашьянның құны 10 млн евро болатын бұйымдарын ұрлап кеткен
Бірнеше қарулы адам голливуд жұлдызын кепілдікке алып, оның құны 10 миллион доллар тұратын зергерлік бұйымдарын ұрлап кеткен.
Фото: www.ntv.ru
Reuters мәліметінше, ұрылар жұлдыздың зергерлік сандықшасын ұрлап алған. Оның ішінде құны 4 миллион евро болатын сақинасы да болыпты. Шабуылшылар оның екі телефонын да алып алған.
Шабуылдаушылар полицей киімін киген 5 адамнан тұрған. Олар Канье Уэсттің әйелін байлап ваннаға қалдырған. Жұлдыздың қызметкері Кардашьянның болған жайтты қатты таң қалыспен қабылдағанын, алайда физикалық тұрғыда дені сау екенін айтады.
Талқылау