Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сезімге бөленіп жүрмін": Ерке Есмахан махаббаты жайлы айтты

Соңғы күндері Ерке Есмахан көпшіліктің талқысында. Жанкүйерлері әншінің әлдебір азаматпен көңіл қосқанын сөз етуде. Ерке Есмахан көпшілікке жауап ретінде махаббат жайлы жазба жариялады. 

erke_esmahan

Әнші желіде махаббат туралы екіұшты жазба жариялап, көпті толғандырып қойды. 

"Мен сені жақсы көру үшін бүкіл әлемді жек көріп кеттім" депті Лермонтов ағай.🤔Бірақ олай қатты неғылмай-ақ қойса да болады ғой. Біреуді жақсы көру үшін бүкіл әлемді жек көргені несі?!
Жүрміз ғой тып-тыныш, ешкімге ештеңе демей-ақ, махаббатқа бөленіп. Лермонтов секілді емес, Ерке секілді болыңыздар", - деп жазды әнші парақшасында

Желідегі қолданушылар түрлі сауал жолдап, енді бірі тілегін білдіріп жатыр. 



Желіде Ерке Есмахан мен Ninety One тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаев екеуі көңіл қосты деген ақпарат тарады. Жанкүйерлері екі әншінің бірге жүрген видеоларын желіде жария етті. Тіпті Дубайда бірге демалып жүргенін хабарлады.

Екі әнші ара қатынастары жайлы әңгімені растаған да, теріске шығарған да жоқ. 

"Сіздер кездесіп жүрсіздер ме? Азаматпен бірге жүрсіз бе?", "Қандай махаббат екенін ашып айтыңызшы", "Махаббатыңыз баянды болсын", "Желіде тараған әңгіме рас болғаны ғой", "Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды", "Сіздер жақсы жарасасыздар", "Тең емес деп ойлаймын", - деп жазды желі оқырмандары. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр