Сейфуллин Жолбарыс 90-ға келген анасына дүркіретіп той жасады (фото, видео)
Әнші әрі композитор Сейфуллин Жолбарыс 90 жасқа толған анасына дүркіретіп той жасап берді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
90-ды бағындырған Аманкүл апаның тойына қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысты.
Ал Сейфуллин Жолбарыс арнайы анасы үшін бұл күнге ақ лимузин көлігін жалдапты.
Әнші Cәкен Майғазиев пен Меруерт Түсіпбаева Сейфуллиннің анасымен селфи жасап үлгерді.
Сол сияқты “анамыздың жасын берсін” деп ырымдаған “Жігіттер” квартетінің әншісі Ердос Қанаев Аманкүл апаның батасын алғанына қуанды.
Мәдина Сәдуақасова мен Нұрлан Абдуллиндер де әріптесін қуанышымен құттықтай келіпті.
Мұндай тойларға онша бара бермейтін Айдана Меденова да ағасы Ермекпен бірге осында жүр.
Ал желідегілер өз туған күнінде торт жеп, әртістердің арасында мәз-мейрам болып отырған әжейдің жас көрінетінін айтып, таңғалып жатыр.
Айтпақшы, той барысында Аманкүл әжейдің өзі ән орындап, жиылған қонақтарды тәнті етті.
Жіберіп алмаңыз:
Сүйіктісі Дана Нұржігітті ұзатып алып кетті (фото, видео)
Отбасын құрған Шоқан Маратұлы бал айының суреттерін көрсетті (фото)
Анасымен қосылып ән шырқаған Қуандық Рахым көпшілікті таңдай қақтырды (видео)
Баян синдромы: 2 баласы бар келіншек Баянның кітабын оқып, күйеуімен ажырасуға бел буған