Серікбол Сайлаубек: “Ой, жеңге” әні жеңгелерге емес, ару қыздарға арналған
Серікбол Сайлаубек әнінің мағынасын дұрыс түсінбейтін тыңдармандарына өкпелі. Әншінің хитке айналған “Ой, жеңге” әні негізінде жеңгелерге емес, әсем аруларға арналған екен. Бұл ретте Серікбол тыңдармандарына сын айтпас бұрын, алдымен әннің сөзіне зер салуға шақырды.
“Ой, жеңге” деген ән жеңгеге арналмаған. Ол ең сұлу қызға арналған. “Барасың ба сен бірге, Менің туған өлкеме?” дейді, қызға сөз салып тұр бұл жерде… Екінші шумағында “Ой, жеңге, ой, жеңге, Құда болу қамын ойлап қой жөнге” дейді. “Жеңге, мен қыз алып келемін, анау-мынауды, кәмпит, шашу, той, құдалықты дайындап қой” деген сияқты ғой… Адам баласы сөзге мән бермегеннен кейін шатасады”, – деді Серікбол Hit-Tv арнасына берген сұхбатында.
Осымен ән сөзімен орын алған түсініспеушілікке нүкте қойылды. Ал нағыз жеңгелерге арналған ән енді жарыққа шығатын көрінеді.
Жіберіп алмаңыз:
Мейрамбек Бесбаев Алматыдағы сән-салтанаты жарасқан мейрамханада аузыашар берді (видео)
Меруерт Түсіпбаева Головкиннен сыйлық алғанын айтып мақтанды
Оразада орамал тағып, жазда жартылай жалаңаш жүретін жұлдыздар сынға ілікті
Танымал қазақ ақыны кітап шығарған Есентаеваның әрекетін «қылмысқа» теңеді