Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серікбол Сайлаубектің оққағарлардың ортасында тұрып ән салғанына қатысты әкімдік жауап берді

Серікбол Сайлаубек оққағарлардың ортасында тұрып ән салған видеосы желіге тарап кеткен еді. Осыған қатысты Сарыағаш ауданы әкімшілігі жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Серікбол Сайлаубек оққағарлардың ортасында тұрып ән салды: Әкімдік жауап берді

Аталған видео Түркістан облысы Сарыағаш аудандында өткен. Тойда ән салған әнші Серікбол Сайлаубекті оққағарлар қоршап тұр. Бірақ қаруды асынып тұрған азаматтар кімді қорғап тұрғаны белгісіз.

Бұл оқиғаға қатысты пікір білдірген әкімдіктің өкілдері бұл тек тойдың көркін келтіру үшін арнайы ұйымдастырылған шоу деді. Десе де, желіде қызу талқыға түскен видеоны ІІМ тергеп, тиісті шаралар қолданбақшы.

Естеріңізге салсақ, Серікбол Сайлаубектің оққағарлардың ортасында тұрып ән салғаны туралы кезекті материалымызда жазған болатынбыз.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау