Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ешқандай жазаға тартылмайды – Серік Сапиевпен оның орынбасарына қатысты дауға нүкте қойылды

әдеп кеңесіStan.kz collage

Қарағандыда Серік Сапиев пен оның орынбасарына қатысты дау-дамайдан кейін Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жиын барысында Серік Сапиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановқа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың әдеп нормаларын бұзғаны айтылды. Осыған байланысты екі тарап та қызметтерінен өз еріктерімен кеткенін хабарлады.

"Ақпарат жарияланғаннан кейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қызметтік тексеру жүргізіп, оның нәтижесін 2026 жылғы 3 ақпанға жоспарланған Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қарауға жолдады. Алайда 2026 жылғы 2 ақпанда аталған тұлғалар өз еріктерімен атқарып отырған қызметтерінен босату туралы өтініш бергені белгілі болды", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін тиісті шаралар қабылданатыны атап өтілді.

"Заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметші тек сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған жағдайда ғана өз қалауы бойынша қызметтен кете алмайды.

Аталған тұлғаларға қатысты тәртіптік істер қызметтік әдеп нормаларын бұзу дерегі бойынша қозғалғандықтан, олар мемлекеттік қызметтен өз еркімен кез келген уақытта кетуге құқылы және оған шектеу қою мүмкін емес.

Осыған байланысты қозғалған тәртіптік істер Әдеп жөніндегі кеңесте тоқтатылды. Алдағы уақытта Қарағанды облысы әкімінің аппаратына мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында профилактикалық ұсыныстар берілетін болады", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 21 қаңтар күні Қарағанды қаласындағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал шыққан. Аталған оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

Полиция 42 жастағы Қарағанды тұрғынының арызы негізінде "денсаулыққа қасақана зиян келтіру" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ бұл дау Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сапиев пен оның орынбасары Даурен Есімханов арасындағы туындағаны анықталды.


Басы дауға қалған Серік Сапиев жаңа қызметке тағайындалды


Жұмыс орнында жанжалдасқан Серік Сәпиев пен оның орынбасары қызметінен кетті


Еске сала кетсек, Серік Сәпиев  2012 жылы Лондон Олимпиадасында бокстан алтын медаль жеңіп алған Олимпиада чемпионы. Ал оның орынбасары Дәурен Есімханов самбодан Азия және әлем чемпионы.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 03 Ақпан, 2026 18:39