Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Сәпиев мәжіліс депутаты болды

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев парламент мәжілісінің депутаты болды.

d406cabd-890f-4e96-8739-f1c79bf03fb9

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

“Бүгін Орталық сайлау комиссиясы “Нұр Отан” партиясының мүшесі Серік Жұманғалиұлы Сәпиевті Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің мүшесі етіп тіркеу туралы шешім қабылдады”, — деп хабарланған  ОСК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. ҚР ОСК шешімі “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 46, 97-1 және 98-баптарына сәйкес “Нұр Отан” партиясының Саяси кеңесі бюросының қаулысы негізінде қабылданды. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Серік Сәпиевке ҚР парламенті мәжілісі депутатының куәлігі мен омырауға тағатын белгісін табыс етті.

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев 1983 жылы Қарағанды облысы Абай қаласында туған. 11 жасынан бастап боксқа бейімделген Олимпиада чемпионының қазір халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері деген атақтары бар.

Жіберіп алмаңыз:

Денис Тен Азиададағы сәтсіздігі жайлы айтып берді

Головкин журналисті жаттықтырды

“Астана” клубының бұрынғы футболшысы: Шынымды айтсам, Қазақстанда тек ақша үшін ойнадым

Талқылау