Головкин журналисті жаттықтырды
Қазақстандық кәсіби боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) кезекті жаттығуы кезінде Youtube-тегі Montero On Boxing арнасының авторы, журналист Майкл Монтероға назар бөлді.

Головкин Монтероға мойын бұлшықеттерін күшейту жаттығуын жасап көруді ұсынды, деп хабарлайды Sports.kz.
«Маған сенсеңіз, бұл оңай жаттығу емес, әсіресе бойы ұзын жігіттерге қиынға соғады. GGG – айбарлы», – деп жазды журналист Туиттерге жария еткен суретіндегі жазбасында. Ол бір апта бұрын Головкиннің алдағы жекпе-жегі туралы шолу жасап шыққан болатын. Еске сала кетсек, Головкин рингке 18 наурызда шығады, Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) айқасады.
Жіберіп алмаңыз:
Головкин Ресейде мас жүргізушімен болған көше төбелесі туралы айтып берді
Аршавин: Маған қазақтың ет тамағының түрі ұнамайды
“Астана” клубының бұрынғы футболшысы: Шынымды айтсам, Қазақстанда тек ақша үшін ойнадым
Талғарда әкесінің моласынан келе жатқан жігітті жабылып өлтірген: Сотта айыпталушы жауап берді
Айыпталушылар 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Кішкентай қызы оянғаны үшін әйелін түнімен ұрған": Талдықорғанда ер адам 20 күнге қамалды
Күйеуі әйеліне 2 жыл бойы күш қолданып келген