Серік Сәпиев бокстан Өзбекстанның Қазақстаннан қандай артықшылықтары барын айтып берді
Лондон Олимпиадасының чемпионы, боксшы Серік Сәпиев өзбекстандық боксшылардың қазақстандықтардан несімен басым екенін түсіндіріп берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Болгарияда өткен Страндж кубогында қазақстандық боксшылар 2 медаль ғана жеңіп, топтық есеті 7-орын алған еді. Ал Өзбекстан құрамасы 7 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль жеңген.
"Өзбек бокс мектебі Азия аймағындағы ең мықты мектептердің бірі болған және олар үнемі бізбен бәсекеге түсетін. Жақсы өнер көрсетіп жүр. Жұмыс істеу қабілеттері жоғары. Қазақстандағы боксшыларға өзбектердегі секілді жұмыс істеу қабілеті жетіспейді. Біз техника тұрғысынан олардан мықтымыз. Ал Өзбекстаннан шыққан боксшылар көп жұмыс істейді, көп соққы жасайды. Бұл оларға жеңіс алып келеді.
Өзбек боксшылардың жетістігі олардың жұмыс істеу қабілетінде. Сонымен қатар Олимпиада ойындарының арқасында бокс көтерілді. Әрі өзбекстандық боксшыларға төрешілердің бүйрегі бұрып тұрады. Мұны айқын байқауға болады", – деді Сәпиев "Студия бокса Виктора Ялымова" арнасына берген сұхбатында.