Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Ибрагимовтің боксшымен түскен суреті жанкүйерлерін күлкіге қарық қылды

Әнші Серік Ибрагимов танымал боксшы, олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычкомен «ерегісіп» қалды. Анығында, жаңа жылдық бағдарламаның түсірілім алаңында спортшыға қарсы тұрып, жанкүйерлерін күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Stan.kz.

15403508_758389387644818_6478562779916664832_n

Эстрада және спорт жұлдыздарының басым көпшілігі әскери киім киіп, жаңа жылдық түсірілімге қатысты. Олардың арасында әншілердің арасындағы бойы ең кішкентай азаматтардың бірі Серік Ибрагимов пен ірі денелі, спортшылардан аса ауыр салмақта өнер көрсетіп жүрген Иван Дычко бар.

Қос жұлдыздың мына бір жарияланымы жанкүйерлерді ду күлкіге қалдырды. Себебі Ибрагимов Дычкомен төбелесе алмайтынын, әрі кетсе ерегісуге дейін баратынын айтып қалжыңдады.

«Төбелеспей ерегісіп тұра берейік!» – деп жазды Ибрагимов.

Желі қолданушылары Серіктің бойының тым аласа екенін байқап қалды. Есесіне бойы қысқа болса да, ойының ұшқыр екенін айтып, сүйікті әншісіне қорған болғандар көп болды.

«Серік, көзбен де құлатуға болады, жарайсың», «Жас та болсаң білімді, әрдайым көңілді жүретін жансың», «Жерге жақын адамдар қауіпті болады», «Соншалықты кішкентай екенсің ғой», «Қасында бөпе боп тұрсыз ғой», «Аюдай денең болғанша, қасқырдай рухың болсын» – деп қалжыңдады желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Құбылмалы имидж: Жеңіс Ысқақова 1 айда шашының түсін 3 рет өзгертті (фото)

Қарақат Әбілдина тыңдармандарына жұмбақ жасырып, сыйлық таратып жатыр

Ләйлә Сұлтанқызы: Пәк қыздарды бұл қоғам баяғыда «қызыл кітапқа» енгізіп жіберген

Нұрлан Еспанов Абай Бегеймен не себепті “сүйіскенін” түсіндірді (видео)

 

Талқылау