Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Ибрагимовпен бір пәтерде тұрдық – Балжан Бидаш

Балжан Бидаш - Серік Ибрагимов бір пәтерде тұрғанФото: instagram.com/ibragimovserik / instagram.com/bidash_official

Танымал әнші Балжан Бидаш “Жарқыраған жұлдыз” бағдарламасына берген сұхбатында өнер жолына қадам басқан кездерін еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Серік Ибрагимовпен бір пәтерде тұрдық – Балжан Бидаш

Өнер иесі 1 курс оқып жүргенінде ағаларымен бірге тұрғанын, олардың арасында әнші Серік Ибрагимов те болғанын жасырмады.

“Қызылордадан Алматыға алғаш келгенде жатақханада емес, бір бөлмелі жалдамалы пәтерде тұрдым. Мен, Бақыт Бидаш ағам, Серік Ибрагимов ағам, Шоқан Уәлихан деген әнші жігіт, Сымбат деген әпкем – бәріміз бірге тұрдық. Студент кезімізде осылай бір бөлмеде 5-6 адам болып тұрған кезіміз болды. Кейін бәріміз бірге екі бөлмелі пәтерге көштік. 3 курс оқып жүргенімде KeshYou тобының мүшесі болып, Ақбота екеуміз бірге тұрдық”, – деді ол.

Сондай-ақ әнші алғашқы курстарда ағаларымен бірге тұрғандықтан жеке өмір болмағанын жеткізді.

“Алғашқы курстарда ағаларыммен бірге тұрғандықтан жеке өмір деген жоқ. Олар мені аңдып жүретін. Мен үшін қорқады, мен үшін уайымдайды. Кешкі 21.00 кешігіп келсем, Серік аға мені іздеп, ұрысатын”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Балжан Бидаш жақын арада тұрмысқа шығатынын жасырмағаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Дүйсенбі, 01 Желтоқсан, 2025 18:34