Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Ибрагимов супермаркетте әйелімен вальс биледі (видео)

Серік Ибрагимов шаңырақ көтергелі бері романтик болып кеткен ұқсайды. Ол әркез елден ерекше нәрселер жасап, тыңдармандарын таңғалдырып жүреді.

Screenshot_38

Мәселен, өз тойында қалыңдығына ән арнады, әріптестері мен достарымен бірге флешмоб билеп, сүйіктісіне тосынсый жасады. Көкшетаудағы демалыс кезінде жұбайына арнап пианиноның сүйемелдеуімен ән айтты. Бұл жолы әнші Алматыдағы супермаркеттердің бірінде жұбайы Айнамкөзбен бірге вальс биледі.

Әнші азық-түлік алуға барған кезде дүкен ішінен өзінің әнін естіп қалған. Дәл осы “Махаббатым” әнін Серік жұбайы Айнамкөзге арнаған болатын.

«Біз кәмпит алып жатсақ, біздің әнді беріп жатыр! Тез арада биге тартқансың ғой», – деп жазды ол.

Мұны көрген желі қолданушылары күлкіге қарық болды. Көпшілік Серіктің қарапайымдылығына тәнті болды. Кейбіреулер оны жұбайын жасыратын әншілермен салыстырып, асыра мақтап жатты.

Жіберіп алмаңыз:

Тәуекел Мүсілім қызбен сүйісіп тұрған суретіне қатысты пікір білдірді

Баян Есентаеваның бұрынғы күйеуімен заңды түрде ажырасқаны белгілі болды

Меруерт Түсіпбаева жеке өмірінің құпиясын ашты

Қытайлардың Димаш туралы түсірген қалжың видеосы әлемге тарап кетті (видео)

Талқылау