Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Ахметов: Барлықтарыңызға рахмет, мен үйге кеттім

Қазақстанның экс-премьері Серік Ахметов бостандыққа шықты. Қарағанды облысы, Қарабас ауылындағы колонияда жазасын өтеген Ахметовті түрме алдынан журналистер күтіп алды.

1130318

Бұл туралы Sputnik хабарлады.

Серік Ахметов әр жылдары Қарағанды облысының әкімі, қорғаныс министрі, премьер-министр қызметтерін атқарды.

«2017 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстан үкіметінің бұрынғы басшысы Серік Ахметов бостандыққа шықты, оның үкімі жазасын шектеуге ауыстырылды», – деп хабарланды соттан.

Енді экс-шенеунік қалған жазасын үй қамағында өтейтін болады.

«Барлықтарыңызға рахмет. Мен демалуға үйге кеттім», – деді колониядан шыққан Серік Ахметов.

Жіберіп алмаңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев туған ауылына барып, жерлестерімен әңгіме-дүкен құрды

Елбасы Алматыдағы Наурызбай ауданының жаңа әкімшілік орталығын аралады

Божко ауыл жастарына қатысты мәлімдемесін түсіндірді

Қайрат Келімбетов миллиондап жалақы алатынын ашық айтты

Талқылау