Сербия президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Астанаға 26-27 ақпан күндері Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сербия президенті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келмек.
“Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды. Саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетінін хабарлаған едік.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді