Сенсация: "Реал Мадрид" екінші дивизионда ойнайтын "Альбасетеден" жеңілді
Фото:ESPN
Испания кубогының 1/8 финалында мадридтік "Реал" елдің екінші дивизионында өнер көрсететін "Альбасетеге" 2:3 есебімен есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл матчқа "Реалдың" негізгі жұлдыздары Килиан Мбаппе, Джуд Беллингем және Тибо Куртуа қатысқан жоқ.
Негізгі құрамнан Федерико Вальверде, Винисиус Жуниор және Арда Гюлер алаңға шыққанымен, қарсыласқа айтарлықтай қауқар көрсете алмады.
Матчтың 43-минутында "Альбасете" алғашқы болып есеп ашты. Алайда бірінші тайм аяқталар тұста, қосымша минутта Франко Мастантуоно гол соғып, "Реал" есепті теңестірді 1:1.
Екінші таймның 82-минутында Хефте Бетанкор "Альбасетені" қайтадан алға шығарды. Артынша Гонсало Гарсия есепті 2:2-ге жеткізіп, мадридтік клубтың үмітін қайта жақты.
Дегенмен бұл үміт ұзаққа созылған жоқ. 94-минутта "Альбасете" "Реалдың" қорғанысын тағы бір мәрте бұзып өтіп, жеңіс голын соқты.
Осылайша "Альбасете" өз тарихында алғаш рет "Реал Мадридті" жеңіп, үлкен сенсация жасады.
Ал Хаби Алонсоның орнына тағайындалған Альваро Арбелоа үшін бұл матч сәтсіз дебют болды.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты