Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сенсация": "Канелоның" кезекті жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан күтпеген жерден ұтылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

канело

Айқас Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі болды. 

Кездесу 12 раунд болды. Жекпе-жек алдында аутсайдер саналған Бивол "Канелоны" біраз қинап, жеңіске жетті. 12 раундтық қорытындысы бойынша үш төреші де 115-113 есебімен жеңісті ресейлік боксшыға  берді. 

Айта кетейік, сурер орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы деген атағы бар Альварес карьерасында екінші рет жеңілді. Оның еншісінде 57 жеңіс бар. Ал Бивол болса 20 рет жеңіске жетті. Ресейлік мүлде жеңілмеген.



TotalsPortal мәліметінше, Альварес алдына ала келісілгендей 15 миллион АҚШ долларын алса, Бивол екі миллион табыс көреді.

Сонымен қатар, телевизиялық (PPV) көрсетілімінен түсетін табыстың 70 пайызын "Канело" және қалған 30 пайызын ресейлік былғары қолғап шебері алады. Барлығын қосқанда Дмитрий Биволдың есепшотына бір жекпе-жектен кейін төрт миллион доллар түседі.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинді Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы чемпион деп таныған еді. 

Талқылау