"Сенбесімді білмедім сенерімді": Төреғали Төреәлінің әкесі ұлын өнерден кетпеуге шақырды

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің әкесі ұлының өнерден кетуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Арт-менеджер жеке парақшасында жазба жариялады.
“Жаңалықты оқып ап, не дерімді?
Сенбесімді білмедім сенерімді.
Бірдеңені тоқтатам деп қойыпсың
Көп жастар алар еді сенен үлгі.
Ақылыңды тоқтатсаң жарар ұлым
Мен саған беріп келем берерімді.
Алла берген тоқтатпа өлеңіңді
Алла берген тоқтатпа өнеріңді!!!", – деп жазды Төреәлі Төлепов.
Айта кетейік, Төреғали Төреәлі әншілік мансабын аяқтаған еді.
“Болды. Мен бәрін тоқтаттым. Сахна. Камера. Ән. Жарық. Келесі қадам – үнсіз”, – деп жазды эстрада жұлдызы.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"