Сенат "ЛГБТ насихатына" тыйым салуды көздейтін түзетулерді қарау мәселесін күн тәртібінен алып тастады

Фото: freepik.com
Сенаты 4 желтоқсанға жоспарланған отырыстың күн тәртібінен "ЛГБТ насихатына" тыйым салуды көздейтін түзетулерді алып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл нормалар "Архив ісі және заңсыз контенттің таралуына шектеу қою мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына кірген еді.
Бастапқыда бұл құжат 10:00-де өтетін пленарлық отырыста қаралуы тиіс болатын. Алайда жаңартылған күн тәртібінде ол мүлде көрсетілмеген. Сенаттың баспасөз қызметі журналистерге 4 желтоқсандағы түзетілген күн тәртібін таратты. Онда тек екі мәселе ғана бар:
- "Жерасты және жер қойнауын пайдалану" кодексіне көмірсутектер мен уран саласындағы жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу (бірінші оқылым).
- Әкімшілік әділет, нормашығармашылық және заңгерлік көмек көрсету мәселелері бойынша кейбір заңдарға өзгерістер енгізу (бірінші оқылым).
ЛГБТ "насихатына" тыйым салатын түзетулер бұл тізімге енбеген.
Бұған дейін депутаттардың бір тобы ЛГБТ және педофилия "насихатына" жаза қолдану туралы нормаларды архив ісіне қатысты заң жобасына енгізуге тырысқан. Ұсынылған жазалар – 40 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамау. Құқық қорғаушылар бұл бастама мифтерге негізделгенін және қоғам пікірін манипуляциялау құралы ретінде қолданылып жатқанын айтқан.
Еске салсақ, Қазақстанда мәжіліс ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заңды қабылдаған еді.
Жеке блок ретінде балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін контенттен қорғау шаралары бекітілді. Қоғамдық кеңістікте, сондай-ақ БАҚ, телекоммуникациялық желілер және онлайн платформалар арқылы педофилия мен (немесе) дәстүрлі емес сексуалды бағдар насихатын қамтитын ақпаратты таратуға тыйым салынады.
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді