Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сен ән айтпай-ақ қой": Жұлдызай Дүйсенбиева өзін қаралайтындарға жауап берді

Танымал актриса, әнші Жұлдызай Дүйсенбиева өзінің өнерін сынайтындарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldizay_zhuldizay/

Театр жұлдызы өзінің кәсіби музыка саласының маманы екенін айтып, балалық шағынан видео жүктеді. 

“Бұл – 1997 жыл. Жасым 16-да. Мен – кәсіби домбырашымын. Керемет ұстаздардан білім алғанмын. Талай рет лауреат атанғанмын. Жалпы кәсіби музыкантпын. Маған “сен ән айтпай-ақ қой, сахнаға әркім бір шыға береді” деп жазатындар бар. Мен – ұлы ұстаз Райымбек Сейтметовтың шәкіртімін. Кәсіби әртіспін. Әлімбек Қонысбековтың домбыра класын тәмамадағанмын. Каратэмен айналысқанмын. Сосын 5-сынып оқып жүргенде Айнұр деген ұстазым бар еді. Ең алғаш театрда ертегі қойып ойнатқан. Фамилиясы есімде қалмапты. Бір жыл ғана жұмыс істеп, Кентаудан көшіп кетті. Домбырамен өз ортамызда ән саламын”, – деп жазды актриса. 



Еске салайық, Жұлдызай 15 жылдан кейін “Шаншардың” сахнасына оралғанын айтқан еді. 

“Ауыз толтырып айтатын жетістігім – 15 жылдан кейін “Шаншар” театрындағы әріптестеріммен бір сахнада өнер көрсеткенім. Дәл қазір ем қабылдап жатырмын. Тіпті, сіз хабарласқанда система алып жатқан едім. Концертке дейін денсаулығымды да дұрыстап алмақпын. Бәрі жақсы болады”, – деген еді өнер жұлдызы. 

 

Талқылау