Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Семіздік – ұрпақсыз қалу": Меруерт Түсіпбаева еркектерге үндеу жасады

Танымал актриса Меруерт Түсіпбаева толықтарды жек көремін деген сөзі үшін еркектерге үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі сөзі үшін ер адамдардан сөз естіп жатқанын айтты. 

“Мен толықтарды жек көремін” деген сөзім үшін хейттің астында қалдым. Түрлі әлеуметтік желіге жариялап жатыр екенсіздер. Арнайы жазба жариялап отырған еркектерге айтарым бар: Алдымен, денсаулығы үшін семіздікке ұшыраған жандардан кешірім сұраймын. Семіздік деген – қасірет. Екіншіден, өсек термей спортпен айналысыңыздар, құрметті еркектер! Диваннан түсіп, халықтың жағдайына көңіл бөліңіздер! Қоғамның қызу талқысына түсіп жатқан АЭС-ті зерттеңіздер! Мемлекет пен халықтың жағдайын айтып, жыртысын жыртыңдар! Соған көңіл бөліңдер!”, – деді мәдениет қайраткері. 



Еске салайық, өнер иесі артық салмағы бар адамдарды ұнатпайтынын жасырмады. 

“Қазір айтсам, маған ашуланатын шығар, негізі толық адамдарды жек көремін. Бірақ оның денсаулығы жоқ шығар, сондықтан кешірім сұраймын. Дегенмен қалай болғанда да әйел болсын, еркек болсын өз салмағына қарау керек. Түсінемін, 50-ден асқан соң барлық әйелде физиологиялық өзгеріс болады, сол кезде адамның салмағы құбылып тұрады. Денсаулыққа да байланысты болуы мүмкін", – деді әнші. 

 

Талқылау