Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде қант пен тұз тұтыну азайтылады

Фото: Freepik.com

Еліміздің мектептерінде 1 қыркүйектен бастап тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова тамақтанудың жаңа стандарты мен көп нұсқалы үлгілік перспективалық мәзірді ұсынды. Бұл премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында енгізілетін салауатты диета бойынша халықаралық ұсынымдарға сәйкес әзірленген

"Тамақтанудың жаңа стандарты дұрыс тамақтануға бағытталған. Атап айтқанда семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа аурулардың даму қаупін азайту мақсатында қантты 3,6 есе, тұзды 5 есеге дейін азайтуды көздейді", — деді Ақмарал Әлназарова.



Министрдің айтуынша, бұл норма инфекциялық емес ауруларды, атап айтқанда, балалардағы семіздікті 15%-ға дейін, қант диабетін 20%, артериялық гипертензияны 18%-ға дейін және басқа да созылмалы ауруларды 15%-ға дейін азайтуға ықпал етеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, тамақтану стандартында асхана блоктары жоқ шағын жинақталған мектептер үшін мәзір көзделген. Алғаш рет мектеп тағамдарын бағалауға мүмкіндік беретін жеуге жарамсыздық индексі (ыдыстағы тамақ қалдықтары) ұғымы енгізілді.

Тамақтанудың жаңа стандарты білім беру объектілері мен мектепке дейінгі балалар объектілеріне қолданылады.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 20 Мамыр, 2025 12:13
Талқылау