AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шотындағы ақшаны өздеріне аударып алған": Семей тұрғыны полиция қызметкерлерін марқұм күйеуін тонады деп айыптады

Семей қаласының тұрғыны полиция қызметкерлерін ұры деп айыптады. Оның айтуынша, заң қызметкерлері көз жұмған күйеуінің қалтасына қол салған. Мұнымен қатар, жесір қалған әйел күйеуінің қазасына Орталық полиция басқармасы қызметкерлерінің қатысы бар екеніне сенімді. Бұл іске прокуратура араласқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

полиция тонау

Руслан Карашевтің қайтыс болғанына бір жылдан аса уақыт өтті. Осы уақыттың ішінде әйелі Ольга кінәлілерді табамын деп табанын тоздырған. Оның тізіміндегі алғашқы күдіктілер күйеуінің өлімі жайлы алғаш жеткізген полиция қызметкерлері. Әйелдің мұндай шешімге келуі кездейсоқтық емес. Оның айтуынша, үйіне келіп жеке заттарын тапсырар алдында тәртіп сақшылары марқұмның телефонындағы барлық ақшаны алып, өзінің досына аударған.

"Шотта тұрған соңғы ақша 120 мың теңге маған беймәлім азаматқа аударылған. Аударым 20:02 уақытында жүзеге асқан, ал менің күйеуім 18:45-те қайтыс болған. Сәйкесінше бұл ақшаны аударған менің күйеуім емес. Күйеуімнің қазасын жеткізуге полиция қызметкерлері үйге кешкі 20:10-да келді. Мен ол уақытта енеммен телефонмен сөйлесіп отырғандықтан, уақыт анық есімде қалып қойған", - дейді марқұмның әйелі.

Ольга сонымен бірге заң қызметкерлерін тек тонаушы ғана емес, адам өлтірді деп те айыптайды. Сот-медициналық сарапшысы оған 27 жастағы Русланның қатты соққыдан қайтыс болғанын айтқан. Ал полиция қызметкерлері Ольгаға оның есірткіні шамадан тыс қолданудан қаза тапқанын айтқан, өйткені мәйіттің жанынан шприц табылған.



"Істі менің күйеуімді нашақор етіп көрсетіп, есірткіні шамадан тыс қолданудан қайтыс болды деп жауып тастағысы келеді. Алайда қылмыс болған жерден табылған шприцте саусақ іздері жоқ, ол тап-таза. Осы себепті мен күйеуімнің есірткі пайдаланды дегеніне сенбеймін. Инені сол қолға салған, алайда ол туылғалы бері оңақай", - дейді әділдік іздеген Ольга.

Полиция департаментінде Русланның өліміне олардың қызметкерлерінің қатысы жоқ екенін айтты. Ал ұрлық бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалған.
"Қылмыстық жауапкершілікке Семей қалалық полиция бөлімінің бірнеше қызметкерлері тартылды. Қазіргі уақытта сотқа жөнелтілуі үшін қылмыстық іспен танысу процесі жүріп жатыр. Аталған қызметкерлер Ішкі істер органдарынан шығарылды, ал ұрлық бойынше соңғы шешімді сот қабылдайды. Марқұмның әйелінің азамат Карашек Р-дің өліміне қызметкерлердің қатысы бары туралы мәлімдемесі бойынша тексеріс жүргізілді. Олардың бұл іске қатысы бары туралы нақты дәлелдер жоқ", - деп мәлімдеді полиция.

Тергеу жұмыстарының жіті жүргізілуін прокуратура өз бақылауына алған. Қайтыс болған азаматтың артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр