Семейлік оқушы наурыздағы ҰБТ-да 140 ұпай жинады

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Абай облысында Сайлауов Ерасыл наурыздағы ҰБТ-да 140 ұпай жинады. Келешекте ол дипломат атанғысы келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқушы Абай облысы, Бородулиха ауылында туған. Қазір Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебінің және "Тарих мектебі" білім беру орталығында оқиды.
Ерасыл Наурыз айындағы ҰБТ-да 140 балл жинап, Қазақстан бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Аталған көрсеткіш негізінде ағылшын тілі пәнінен 50 балдық конвертация жасалды.
Ерасыл бос уақытының басым бөлігін кітап оқуға және шет тілдерін меңгеруге арнайды екен. Тіл үйренуге деген қызығушылығының нәтижесінде ол 10-сыныпта оқып жүрген кезінде IELTS халықаралық емтиханын тапсырған. Сонымен қатар волейбол спортымен тұрақты түрде айналысады.
Ерасылдың негізгі мақсаты – негізгі ҰБТ-да дәл осы нәтижені қайталап, 140 балл иегері атану және "Дипломатия" мамандығы бойынша мемлекеттік білім грантына ие болу.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?