Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде сәбиін суға лақтырдым деген келіншекке туыстары сенбей отыр

Семейде бір жарым жасар қызын Ертіске ағызып жібердім деген келіншектен күйеуінің жақындары күдіктене бастады. Өйткені тергеу барысында келіндері жұдырықтай Айшаны суға нақты қай жерден тастағанын айтпай, үш жағалауды көрсетіп әлек болған. Тіпті, одан психикалық ауытқу тұрмақ, өкініштің табы да байқалмайды дейді күдіктенушілер. Сондықтан бұл әйел баланы жасырып отыр, не болмаса сатып жіберді деген ойда, – деп хабарлайды КТК арнасы.

цы

Оқиға осыдан бір апта бұрын болған еді. Күйеуімен арадағы жанжалдан кейін 24 жастағы Айсұлу қаршадай қызын қолына алып Ертіске беттеген. Басында өзімен қоса баласын да өлтірмек болған келіншектің жеме-жемге келгенде жүрегі шыдамаған көрінеді. Алайда ағыны қатты өзенге Айшаны ғана тастап жіберіпті. Ал қыздың шырт ұйқыдағы әкесі ұрыс-керістен кейін әйелі жантүршігерлік жағдайға барады деп ойламаған.

“Ертістің жағасына жарық  түсірсем, күртеше жатыр. Бірден суға секірдім. Түссем жоқ. Өзім батып кете жаздадым. Суық. Аяғым тартылып қалды”, – дейді Айшаның әкесі Айдын Серікболсынов.

Содан бері суды сүзген сүңгірулер 1 жарым жастағы баланың денесін қанша шарлағанымен таба алатын емес. Ал туыстары келіндерінің қылығына сенбейді. Өйткені олар қызының киім-кешегін көрсе де, жүрегі селт етпеген анадан секем алып отыр. Тіпті келіншек тергеушілердің өзіне нақты қай жерден ағызғанын дәл көрсете алмаған. Осыдан кейін туыстары баланы жасырып отыр не сатып жіберді деген тұжырымға келіпті.

“Иттің күшігін суға лақтырсаң, өзі барып алып шығады. Мынау адам ғой енді. Жәндік емес, аң емес. Меніңше ол өлтірген жоқ. Бір жерге тығып тастаған сияқты. Соны ұқпай отырмыз”, – дейді Айшаның атасы Нұрлан Сайлауханұлы. Айсұлудың денсаулығында бұрын-соңды ешқандай ауытқулар болмаған екен. Көршілерімен де, достарымен де қарым-қатынасы жақсы. Олар да оның бұл жағдайға баруы мүмкін емес екенін алға тартуда. Көршілері ерлі-зайыптылардың жанжалдасып жатқанын да бұрын байқамаған.

“Оның бір көгеріп жүргенін көрмедік. Айдын да қол көтермейтін. Ол арақ та ішпейді. Еңбекқор. Бұларда барлығы жеткілікті. Көшеде балаларын серуендетіп жүретін. Естігенде барлығымыз жағамызды ұстадық.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатқандықтан полиция қандай да бір мәлімет беруден бас тартты. Тек белгілісі, бүгінде бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Баласын суға тастадым деген Айсұлу сәби денесі табылмағандықтан, қолхатпен босатылыпты. Ал жұдырықтай Айшаны тірі деп үміттеніп отырған туыстары енді көріпкелдердің көмегіне жүгінбек ниетте”, – дейді  көршісі Наталья Зайцева.


Жіберіп алмаңыз:

Кореядағы секс-құлдықтан құтылған қазақ қызы сол жердегі отандастарының атынан көмек сұрады

Алматылық азамат Хэллоуин мерекесіне не үшін ұлттық киім кигенін түсіндірді

Илья Ильин Хэллоуин мерекесін Джокер стилінде атап өтті (фото)

Ағасы мен қарындасы әйгілі Дракула қорғанында табыттың ішінде түнеп шықты

Талқылау