Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде оқушыны соққыға жыққан балалардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды

Семейде оқушыны соққыға жыққан балалар анықталып, полицияға жеткізілді. Олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде қатарласын соққыға жыққан оқушылардың видеосы тараған еді. Абай облыстық полиция департаменті аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

“Қақтығысқа қатысушылар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Жасөспірімдер полиция бөлімінің есебіне қойылады. Олардың тәртібін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия қарайды. Тергеу барысы Абай облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Ата-аналар балаларының тәрбиесі бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады”, – деп мәлімдеді Абай облыстық ПД.

Оқу орнының әкімшілігіне оқиғаға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгіздік дейді. Ал жәбірленушіге арнайы орталықта мамандар көмек береді.

“Психологтар мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл оған қажет қолдау көрсетіп, оқиғадан кейінгі эмоциялық әсерін жеңуге көмектесіп жатыр. Білікті мамандар жасөспірімнің психологиялық жағдайын қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатыр”, – делінген хабарламада.

Оқиғаға қатысы бар жасөспірімдерге қатысты тиісті шаралар қабылданбақ. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтіп, онда әр қатысушының әрекеті жеке қаралады екен.


"Бәрі ақшаның жетіспеушілігінен": Депутат Астанада лифтте балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірімнің оқиғасы туралы жаңа мәліметтер айтты


Еске салсақ, Семейде бір топ оқушы қатарластарын аяусыз ұрып-соққан еді. 

Талқылау