Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде оқушы қызды зорлаған мұғалім өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Абай облысында оқушы қызды зорлаған мұғалімге қатысты сот шешімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ru.freepik.com

Кәмелетке толмаған қызды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Сот процесі жабық режимде өтті.

2024 жылдың қараша айында Семей қаласының полициясы мектеп оқушысының анасының арызы бойынша тергеу бастады. Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы заңсыз әрекеттер фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. 32 жастағы Семей тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Білім бөлімінің мәліметінше, ол 2022 жылдан бері қалалық мектептердің бірінде бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

Қылмыс 2024 жылдың шілде айында болған. Ол кезде айыпталушы 32 жаста, ал жәбірленуші 14 жасқа толмаған еді. Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті оқушыны көлікте зорлаған.

Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі (Кәмелет жасқа жетпеген, 14 жасқа толмағанды зорлау) бойынша дерегімен қаралды.

Прокурор айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Оның бұл талабын жәбірленушінің заңды өкілі мен адвокаты да қолдады. Ал айыпталушы мен оның қорғаушысы сотталушыны ақтауды талап етті.

“Сот істі жан-жақты зерттеп, айыпталушының қылмыс жасағаны іс материалдарымен толық дәлелденді”, – деп мәлімдеді Сот төрағасы Нияз Хасенбаев.

Сот үкімі бойынша мұғалім кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сот оны педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты кез келген лауазымды өмір бойына атқару құқығынан айырды.

Сотталушы жазасын төтенше қауіпсіз мекемеде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

“Азаматтық кодекске сәйкес, 14 жасқа дейінгі тұлғалар жасөспірім болып есептеледі. Келісімге қарамастан, егер айыпталушы жәбірленушінің 14 жасқа толмағанын білген болса, жауапкершілік толық көлемде қарастырылады. Мұндай істер бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деп атап өтті Нияз Хасенбаев.

Сотта 14 жасқа толмаған адамды зорлағаны үшін заң бойынша тек өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделгені айтылды. Мұндай жаза айыпталушы мен жәбірленуші арасындағы қарым-қатынас сипатына қарамастан тағайындалады.

Талқылау