Семейде көшедегі қарлар қара түске айналған (фото)
Семей тұрғындары әлеуметтік желілерде күйеден қап-ара болған қардың суреттерін жариялаған. Олар бұл көрініске ауданда орналасқан аяқ киім фабрикасының жанындағы қазандықты кіналайды.
Бұл туралы “Экспресс К” хабарлайды.
«Бұл жұмыс орнының фильтр құрылғысын ауыстыру керек. Мұржасынан қалың күйе шығып жатады. Балаларымызбен көшеде демала алмаймыз. Көлікті тұраққа қою да мүмкін еме. Терезелер де аша алмай, қымтап отырамыз. Бәріміз осындай ауамен демалып жүрміз», – дейді қала тұрғыны Олеся Ізбасарова.
Ал, Жылумен жабдықтау ұйымының басшысы Николай Ушаков: «Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қазандықтың 90 пайызы ауыстырылатын болады. Бүгінге дейін 50 пайызы жөнделіп бітті. Қалған жұмыстар осы жылы жөнделетін болады. Қосымша құрылғылар мен химиялық тазалаушы, батарейлі циклондар мен үдемелі жобалар іске қосылмақшы. Осылардыорнатқаннан кейін ауаның ластанбауына сенімдімін», – дейді.
Татьяна Рязапова
Талқылау